Биыл Ақтөбе облысында 14 ауылға газ тартылады

913

2025 жылға қарай өңір халықы 100% ауыз сумен қамтылмақ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Биыл Ақтөбе облысында 14 ауылға газ тартылады

"Бүгінде облыс орталықтандырылған сумен қамту жағынан Қазақстан бойынша өңірлер арасында үздік бестіктің қатарында. Көрсеткіш 96,2%-ды құрайды.  Биыл құны 8,4 млрд теңге болатын 28 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл жылдың қорытындысы бойынша облыс халқының 97,3%-ын орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 2025 жылға қарай біз халықты ауыз сумен 100% қамтамасыз ету міндетін қойып отырмыз", – деді өңір басшысы.

Қазіргі кезде облыс тұрғындарының 91,6%-ы газбен қамтамасыз етілген. Биыл газбен жабдықтау жобаларын іске асыруға 5,9 млрд теңге қарастырылған. Нәтижесінде 14 ауылдың тұрғындары үшін көгілдір отын қол жетімді болады, бұл тұрғындардың газбен қамтылуын 92,6% -ға дейін арттырады.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу