Ақтөбе қаласындағы үш ауысымды алты мектеп пен облыс аудандарында орналасқан жеті мектеп бар. Бүгінде өңірдегі үшауысымды мектептерді жою шараларының кешені жүзеге асырылып жатыр. Биыл 15 жаңа мектептің құрылысы аяқталады, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.
Айта кету керек, бір жылдың ішінде үш ауысымдағы мектептер саны сегіз бірлікке азайған.
Тек соңғы үш жылдың ішінде облыста 48 жаңа мектеп пайдалануға берілген. Олардың ашылуы үш ауысымдық оқыту мен 27 мектептегі орындар тапшылығы мәселесін күн тәртібінен бірден алып тастады, апаттық жағдайда тұрған және ескі тоғыз мектепті, саманнан салынған 12 мектепті жоюға мүмкіндік берді. Биыл 15 жаңа мектептің құрылысы аяқталады.
Жалпы, 2020 жылға қарай Ақтөбе облысындағы апаттық мектептер мен үшауысымдық оқыту мәселесін толықтай жою жоспарланып отыр.