Биыл Ақтөбе облысының жолдарын жөндеуге 7,8 млрд теңге бөлінеді

1002

Биыл Ақтөбе облысының жолдарын жөндеуге 7,8 млрд теңге бөлінеді

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жергілікті атқарушы билік пен мемлекеттік органдардың есебін тыңдауды жалғастыруда, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар көлік жолдарының  ұзындығы 6 979,4 шақырымды құраса, олардың 5085,7 шақырымы – облыстық және  аудандық маңызы бар жолдар. 2016 жылы облыстың көлік жолдары саласын дамытуға 8,9 млрд теңге бөлінген.Жалпы  ұзындығы 108,8 шақырым болатын барлығы 74 жоба жүзеге асырылған, оның ішінде 53,9  шақырымы қалалық және аудандық көшелердің еншісінде.2017 жылы облыстық және аудандық маңызы бар көлік жолдарының құрылысы  мен жөндеу жұмыстарына 7,8 млрд. теңге бөлінді. 298,5 шақырымдық жолды жөндеу  жоспарлануда. Барлығы 27 жоба бойынша жұмыс жоспарда бар. 

Соның ішінде, Дөң-Бадамша-Ақтөбе-Орск бағытындағы 30-45 шақырымдық жолға күрделі жөндеу жүргізу бойынша жобаны жүзеге асыру басталды. Алайда олардың тек Орынбор арқылы ғана қатынауға мүмкіндігі бар. Ал осының бәрінен біздің әуежай қыруар пайда табар еді,­– дейді облыс әкімі. Жиын кезінде Бердібек Сапарбаев кейбір аудан орталықтарында автовокзалдардың  жоқтығын айтып, қалааралық және ауданаралық бағытта қатынайтын автобустар санын  көбейтуді тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу