Биыл Ақтөбе өңірінде 9 мың жаңа пәтер пайдалануға беріледі

644

122 көпбалалы отбасына тұрғын үй сатып алу үшін 1 млрд теңге көлемінде қаражат қарастырылған.

Биыл Ақтөбе өңірінде 9 мың жаңа пәтер пайдалануға беріледі

Биыл Ақтөбе өңірінде кем дегенде 1 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 9 мың жаңа пәтер пайдалануға беріледі, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

"2020 жылы қаржыландырудың барлық көздері есебінен 1 млн шаршы метрден астам тұрғын үй немесе 9 мыңға жуық пәтер салу, құрылыс жұмыстарының көлемін 215 млрд теңгеге дейін жеткізу жоспарлануда",– делінген хабарламада.

Жақында халыққа берген есебінде өңір әкімі Оңдасын Оразалин сондай-ақ биыл 122 көпбалалы отбасына тұрғын үй сатып алу үшін 1 млрд теңге көлемінде қаражат қарастырылғанын атап өткен болатын.

 "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында жеке тұрғын үй құрылысы үшін 563 шақырымдық инженерлік-коммуналдық инфрақұрылым салу жоспарлануда, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 1,5 есе артық",– дейді әкімдіктен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу