Биыл Ақтөбеде 8 мыңға жуық пәтер беріледі

1036

Биыл Ақтөбеде 8 мыңға жуық пәтер беріледі

"Нұрлы жер" бағдарламасын іске асыруда өткен жылы Ақтөбе облысында 792 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Барлығы 6 602 пәтер салынды, оның ішінде 1879-ы жеке тұрғын үй, дейді Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінен.

Сонымен бірге, 2018 жылы 870 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 8 мыңға жуық пәтер беру жоспарланып отыр. Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалық етуімен "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы кеңес барысында облыс әкімінің орынбасары Серік Төленбергенов мәлімдеді.

Тұрғын үйді іске асыру ТҮҚЖБК желілері бойынша, сондай-ақ "ҚИК" АҚ, "Самұрық-Қазына ҰҚ" АҚ арқылы жүзеге асырылатын болады. Атап айтқанда, өткен жылғыдай тұрғын үй құрылысы жергілікті атқарушы органдардың күту кезегі бойынша облыстың Алға, Қарғалы, Хромтау, Қобда, Байғанин, Мұғалжар, Темір, Шалқар және Ойыл аудандарын қамтиды.

Жиынды қорытындылай келе, Бердібек Сапарбаев уәкілетті органдарға құрылыстың сапасы мен мерзімдерін қатаң қадағалауды, қаражатты тиімді пайдалануды, сондай-ақ биылғы жылы облыс орталығының жаңа шағын аудандарының аумақтарын жақсартуды күшейтуді тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу