Биыл Ақтөбеде балаларды оңалту орталығының құрылысы аяқталады

1172

Арнайы балаларға білікті көмек көрсететін орталықтың ашылуын көптеген Ақтөбелік отбасылар күтуде, өйткені облыста мұндай балалардың саны 3 мыңға жетті.

Биыл Ақтөбеде балаларды оңалту орталығының құрылысы аяқталады

Ақтөбе облысы бойынша 56 млрд теңгеге МЖӘ және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша 128 жоба жүзеге асырылуда, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Олардың ішінде осы жылдың күзінде ашылатын Мұз сарайы да бар. Жалпы құны 3,8 млрд теңгенің жобасы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында жүзеге асырылуда. Негізгі инвестор - Словакияның "Н+Н Technica" компаниясы.

Жоба туралы келісім 2017 жылдың шілдесінде Бердібек Сапарбаев пен Словакияның қаржы вице-министрі Дана Мигердің кездесуінде қол жеткізілді.

 Мұз сарайының жалпы ауданы шамамен 6 мың шаршы метрді құрайды, ал оның негізгі аренасы - 1,6 мың шаршы метрден асады. Барлық халықаралық стандарттарға сәйкес келетін мұз айдынында 2500 көрермен орны салынады.

Сондай-ақ, Шығармашылық академиясының жанында орналасқан теннис орталығының құрылысы жалғасуда. МЖӘ шеңберінде инвестор жобаға 1,5 млрд теңге инвестициялайды. Спорт кешені жанкүйерлерге арналған орны бар 8 корттан тұрады: 4 ішкі және 4 ашық. Атап өтейік, теннис академиясының аумағында оңалту орталығы, тренажер залы, спорттық киім және атрибуттар дүкені, шағын қонақ үй орналасқан.

Биылғы жылы балаларды оңалту орталығының құрылысы аяқталады. Әлеуметтік-бағытталған жобаны "Ақтөбе мыс компаниясы" ЖШС облыс әкімдігімен жасалған әлеуметтік жауапкершілік және ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде жүзеге асырады.

Балаларды оңалту орталығы заманауи материалдық-техникалық базамен және ерекше қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтік, психологиялық және медициналық оңалту үшін қажетті жағдайлармен жабдықталады. Арнайы балаларға білікті көмек көрсететін орталықтың ашылуын көптеген Ақтөбелік отбасылар күтуде, өйткені бүгінгі таңда облыста мұндай балалардың саны 3 мыңға жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу