Биыл Ақтөбеде кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылық артқан

1369

Биыл Ақтөбеде кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылық артқан

Кәмелетке толмағандар арасындағы әкімшілік құқықбұзушылық өткен жылмен салыстырғанда биыл көп тіркелген, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Заңды бұзғандардың ішінде жиі кездесетіні жасөспірімдердің түнгі уақытта тұрғылықты жерінен тыс болуы.

"Кәмелетке толмағандардың ішінде биыл әкімшілік құқықбұзушылық жасаған 1836 жасөспірім жазаға тартылды. Өткен жылы дәл осы мерзімде 1747 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сағат 23.00-ден кейін көшеде жүру фактісі көп тіркеледі. Ол үшін олардың ата-анасына айыппұл салынады", — дейді Ақтөбе қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Қайсар Байдалиев.

Әкімшілік құқық бұзушылық жөнінен Ақтөбе қаласы он бірінші орынға тұрақтаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу