Биыл Ақтоғай ауданында 10 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылады

1127

Биыл Ақтоғай ауданында 10 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылады

Биыл ақтоғайлық шаруалар бірлесіп оннан астам ауыл шаруашылығы кооперативін құруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы агенттік тілшісіне берген сұхбатында аудан әкімі Ағыбай Әмірин айтты.

"Былтыр біздің ауданда екі ауыл шаруашылығы кооперативі құрылған болатын. Оның бірі – сүт, екіншісі ет бағытында жұмыс істеуде. Биыл мұндай бірлестіктер санын оннан асырамыз деген жоспарлап отырмыз, – дейді Ағыбай Әмірин.

Ақтоғай ауданында былтыр құрылған екі ауыл шаруашылығы кооперативінің бірі – Әуелбек ауылында орналасқан. Ауылдың үш азаматы бірігіп "Әділет-Ақтоғай" деген кооператив құрып, сүт қабылдаумен айналысуда.

"Әділет-Ақтоғай"кооперативін өткен жылдың желтоқсан айында құрдық. Ауыл тұрғындарынан күніне 300 литр сүт қабылдаймыз. Жазғы уақытта бір тоннаға жеткізуді көздеп отырмыз. Алдағы уақытта ауыл шаруашылығын қолдау қорынан жеңілдетілген несие алып, арнайы жеке ғимарат салуды және оншақты сүттің сиырын алуды жоспарлап отырмыз.  Павлодар қаласындағы "Foodmaster" ЖШС-мен келісімшарт жасастық. Компанияның өкілдері үш күн сайын келіп, жиналған сүтті құйып алып кетеді. Сүт салқындатқыш ыдысты да сол компания арқылы жалға алып отырмыз. Жалпы кооперативке бірлесіп жұмыс істеудің пайдасын мол екеніне көзіміз жетті. Бірімізде жоқты екінші мүшеміз толықтырып қояды. Бұған дейін тұрақты кәсіп жоқ болғандықтан, жұмыс іздеп қалаға шабылатын едік. Мемлекеттік қолдаудың арқасында өзімізді өзіміз жұмыспен қамтып отырмыз, – дейді кооператив жетекшісі Қайрат Салықбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу