"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Дархан Иманашев ақылы жолдардан түсетін кіріске қатысты түсінік берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Биылғы жоспарымыз – 100 млрд теңге. Жалпы, былтыр біз бір мың шақырымдай қосымша нысандар енгіздік. Биыл қосымша 6 ақылы нысанды енгізу жоспары бар", – деді компания басшысы.
Айта кету керек, бұған дейін биыл тағы 6 жол учаскесі ақылы болатынын жазғанбыз. Өткен жылы ақылы жолдардан 87 млрд теңге түскен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу