Биыл ақылы жолдардан бюджетке қанша қаржы түсті

332

Биылғы жылдың 11 айында төрт ақылы жолдан түскен кіріс 26,5 млрд теңгеге жеткен.

Биыл ақылы жолдардан бюджетке қанша қаржы түсті Фото: inbusiness.kz

ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев 2023 жылы Қазақстандағы ақылы жолдар қанша табыс тапқанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Үкімет отырысында министр атап өткендей, биылғы жылдың 11 айында төрт ақылы жолдан түскен кіріс 26,5 млрд теңгені құрады. Қаржы республикалық маңызы бар Астана – Теміртау, Астана – Щучинск, Алматы – Қапшағай және Алматы – Қорғас автомобиль жолдарының учаскелерінен түскен.

Жиналған қаражат жол және жол бойындағы инфрақұрылымды, сондай-ақ ақылы учаскелердегі бағдарламалық-аппараттық кешендерді күтіп ұстауға және қолдауға жұмсалды, деп хабарлады ведомство.

Министр ұсынған ақпаратқа сәйкес, 2024 жылы елімізде тағы төрт ақылы учаске ашылады және қазақстандықтар ақылы жолдармен жүру үшін 35 млрд теңге төлейді деп жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу