Биыл алаяқтықпен ұсталған 3,9 мың адамның 3,2 мыңы жұмыссыз жүргендер

682

Алаяқтық құқық бұзушылықтар салдарынан 61,2 млрд теңге көлемінде залал келген. Оның ішінде, жеке тұлғаларға – 39,3 млрд теңге, заңды тұлғаларға – 15,1 млрд теңге, мемлекетке – 6,8 млрд теңге.  

Биыл алаяқтықпен ұсталған 3,9 мың адамның 3,2 мыңы жұмыссыз жүргендер

2022 жылғы қаңтар-тамыз аралығында "Алаяқтық" бабы бойынша 29,9 мың құқық бұзушылық тіркелген. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 3%-ға артық, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz-ке сілтеме жасап. 

Оның басым бөлігі интернет-алаяқтық деректері (13,8 мың) екенін атап өткен жөн. Бұдан елімізде бөлек қылмыстық құқық бұзушылықтың 180-і төлем карталарын пайдалану арқылы, 87-сі ақшаны қарызға беру арқылы, 36-сы несие беру саласында, біреуі жылжымайтын мүлікпен байланысты салаларда тіркелді.

Қылмыстық құқық бұзушылықтардың негізгі бөлігі Алматыда (7 мың жағдай) орын алған. Одан кейінгі орындарда Нұр-Сұлтан (4,4 мың) және Шымкент (2,7 мың) қалалары бар. 

Басқа өңірлерге қарағанда құқық бұзушылықтар Ұлытау, Жетісу және Абай облыстарында аз тіркелген. Аталған облыстар маусым айында құрылған. 

Жыл басынан бері алаяқтық бойынша 3,9 мың адам ұсталды. 2021 жылмен салыстырғанда 3,8%-ға аз. Ақпаратқа сәйкес, олардың басым бөлігі (3,2 мың адам) жұмыссыздар.

Бұдан бөлек халықты сан соқтырғандардың ішінде 114 жұмысшы, 98 мемлекеттік қызметші, 60 жеке кәсіпкер, 42 оқушы, 10 әскери қызметші де бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу