Биыл әлемдегі әуе компаниялардың шығыны 47,7 млрд долларға жетеді

709

Жолаушылар ағыны шамамен 2,4 млрд адамға жетуі мүмкін.

Биыл әлемдегі әуе компаниялардың шығыны 47,7 млрд долларға жетеді Фото: reuters.com

Әлемдегі барлық әуе компанияларының жалпы шығыны 2021 жылы 47,7 млрд долларға жетеді. Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) осындай болжам жасады, деп хабарлайды Inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

2020 жылы қауымдастық бұл көрсеткіш 38 млрд доллар деңгейінде болады деп топшылаған еді. 

"Бұл дағдарыс бұрынғыларына қарағанда ұзаққа созылуда.  Шығын көлемі 2020 жылмен салыстырғанда азаяды, бірақ дағдарыстың салдары орасан болады", – деді IATA басшысы Вилли Уолш.

Биыл жолаушылар ағыны шамамен 2,4 млрд адамға жетуі мүмкін. Бұл былтырғыға қарағанда 30%-ға көп, бірақ 2019 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 47%-ға аз.
Әсіресе пандемия салдарынан еуропалық әуе тасымалдаушылары қатты зардап шекпек. Ондағы компаниялардың шығыны 22,2 млрд долларға дейін артуы ықтимал. 

IATA 2021 жылдың екінші жарты жылдығында сала қалпына келе бастайтынын мәлім етті. Қауымдастықтың айтуынша, шығын азайып, салаға елдердің үкіметі көмек көрсеткен жағдайда оң динамика орнамақ. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу