Биыл әлемдік ЖІӨ 4,5%-ға қысқарады

929

Deutsche Bank осындай болжам жасады. 

Биыл әлемдік ЖІӨ 4,5%-ға қысқарады

Мамыр айында банк жаһандық экономика 6%-ға кемиді деп топшылаған еді.
Сарапшылар осы жолғы болжамда коронавирус дағдарысынан кейінгі жандану қарқыны жоғары болады деген пікірде. 

"Пандемия кесірінен бәсеңдеген экономикалық белсенділік қарқыны біз ойлағаннан да жылдамырақ. Осы орайда әлем экономикасының қандай көрсеткіштерге ие болатынын қайта қарастырдық", – деп жазылған банк құжатында.

Банк өкілдерінің ойынша,  2021 жылы жаһандық ЖІӨ 5,5%-ға өсіп, одан кейінгі жылдары экономикалық өсім қарқыны баяуламақ. Жұмыссыздық деңгейі 2024-2025 жылдары дағдарысқа дейінгі көрсеткіштерге жетеді.

Банк болжамына сәйкес, биыл ЕО ЖІӨ-і 8,6%-ға, АҚШ-тыкі 5,2%-ға, Жапонияныкі 6,4%-ға, Үндістандыкі 5,8%-ға азайып, Қытайдыкі, керісінше, 1,6%-ға артпақ.

Табиғат Нұрболат

Фото: dw.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу