Биыл әлемдік жылыну процесі рекордтық деңгейге жетті

143

Салдарынан су тасқыны, өрт, аяз бен дауыл жиіледі. 

Биыл әлемдік жылыну процесі рекордтық деңгейге жетті Фото: Anadolu Agency

Ғалымдар жаһандық жылынудың мерзімдік ауа райына әсер етіп жатқанын айтып, дабыл қағып жатыр. Жыл сайын адамдар қалдыратын зиян қалдықтар салдарынан Жерде ауа қысымы мен салқындату жүйесі бұзылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2024 жыл тарихта ең ыстық жыл болды. Сонымен қатар алғаш рет 1,5°С-қа дейін жылыну кезеңі болды.

Жаһандық жылынуға байланысты 2015 жылы Парижде әлемнің барлық дерлік елдері климатты сақтауға келісім жасасқан еді.

Еуропалық одақ жанындағы Коперник климаттық орталығы (C3S) дүйсенбіде планетадағы биылғы қараша былтырғыдан кейінгі ең жылысы болғанын мәлімдеді. 

"Енді 2024 жыл тарихтағы ең ыстық жыл болады деп толық сеніммен айтуға болады. Париж келісімінің мақсаттары әлі бұзылған жоқ. Бірақ қазір климаттың өзгеруімен күресу үшін өршіл шаралар өте қажет", – деді C3s басшысының орынбасары Саманта Бургесс.

Биыл жаһанда климат 1,5°C-тан жоғары жылынған. 

Климат өзгеруінің адамзатқа апатты салдары, қаупі бар. БҰҰ мәліметтері бойынша, жыл сайын аптап ыстықтан жарты миллион адам көз жұмады. Ал әлемдік экономика триллион шығынға ұшырап жатыр. Басқа да салдары жетерлік.

Планетаның жылынуы су мен ауа айналымы мен салқындату жүйесінің бұзылуына әкеледі. Салдарынан суық пен аптап ыстық арасында ауа райының теңсіздігі пайда болып жатыр. Мәселен құрғақшылық, аяз, дауыл, орман өрттері мен су тасқыны жиіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу