Биыл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары 10%-ға қымбаттаған

1346

Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға 10%-ға өскен, деп хабарлайды inbusiness.kz Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.

Биыл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары 10%-ға қымбаттаған

Агенттік мәліметінше, биыл аталған азық-түлік тауарлары 10%-ға қымбаттаған. 2020 жылғы ұқсас кезеңде баға 6,0%-ға өскен.

Жыл басынан бері сәбіз 175,5%-ға (2020 жылы осы кезеңде 33,9%), картоп 67,8%-ға (2020 жылы 49,9%), күнбағыс майы – 21,9% (2020 жылы 1,0%), пияз 19,9%-ға (2020 жылы 25,5%), қарақұмық – 12,8% (2020 жылы 18,8%), қант 11,2%-ға (2020 жылы 10,3%) өскен.

Агенттік 7-13 шілде аралығында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағасына зерттеу жүргізген. Нәтижесінде аталған тауарларға баға 0,3%-ға өскенін (2020 жылғы осы кезеңдегі көрсеткіш – 1,0%) анықтаған.

Бір аптада пияз 2,1%-ға (өткен жылы – 0,8%), қырыққабат 1,6%-ға (өткен жылы – 1,6%), сәбіз 1,3%-ға қымбаттаған.

Пияз бағасы Қызылордада – 11,0%-ға, Қарағандыда – 8,7%-ға, Алматыда – 5,4%-ға, қырыққабат Қызылорда – 7,9%-ға, Алматыда – 4,9%-ға, Ақтөбеде – 4,9%-ға, сәбіз Нұр-Сұлтанда – 7,0%-ға, Оралда – 5,3%-ға, Алматыда – 5,2%-ға көтерілген.

"Ең қымбат сәбіз Жезқазғанда (1 келісі 411 теңге), ең арзаны Таразда (1 келісі 226 теңге), ең қымбат картоп Нұр-Сұлтанда ( 1 келісі – 231 теңге, ең арзаны Қарағандыда (1 келісі – 146 теңге) сатылып жатыр", - деп жазылған хабарламада.

3 тауардың (кеспе (рожки), май, айран) бағасы тұрақты болған.
Сонымен қатар 7-13 шілде аралығында картоп бағасы 4,3%-ға, күріш 0,2%-ға төмендеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу