Биыл алғаш рет талапкерлерге тестілеу туралы смс-хабарламалар жолданды

626

2022 жылдың талапкерлеріне және олардың заңды өкілдеріне тестілеудің өту уақыты мен орны туралы смс-хабарламалар жолданды. Биылғы ҰБТ-ның ерекшеліктері туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Гүлжан Жарасова тарқатып берді, деп жазды inbusiness.kz.

Биыл алғаш рет талапкерлерге тестілеу туралы смс-хабарламалар жолданды

"Биылғы тест тапсырмаларының барлығы жаңартылған білім бағдарламалары бойынша құрастырылды. Тест тапсырмалары мектепте игерген материалды қолдану қабілеттілігін анықтауға арналған тапсырмалардан тұрды. Екіншіден, биылғы ҰБТ базасында Қазақстан тарихы пәні бойынша жалпы тест саны сақталды. 15 сұрақтың бесеуі контекстік сұрақтардан тұрды. Яғни берілген мәтін бойынша талапкерлер өздерінің жауаптарын берді", – деді орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Гүлжан Жарасова. 

Сонымен қатар биылғы тестілеуде құқық білім беру саласы бойынша шекті балл өзгеріп, 75 балды құраған. Қалған білім беру салаларында шекті балл өзгеріссіз қалды. 

Айта кетейік, 2022 жылғы ҰБТ "1 компьютер – 2 камера – 1 тестіленуші" қағидасы бойынша 43 тестілеу орталығында өтті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу