Биыл Алматы бюджетіне 1,1 трлн теңге түсті

678

Бұл қаражат мектептер құрылысына, жаңа автобустар сатып алуға, жеке балабақшалар салуға жұмсалмақ.

Биыл Алматы бюджетіне 1,1 трлн теңге түсті Фото: inbusiness.kz

Алматы әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында мегаполистің биылғы жылдың 5 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қаңтар-мамыр айларында бюджетке 1,1 трлн теңге түсті. Бұл өткен жылғы көрсеткіштерден 248 млрд теңгегежоғары. Бұл бізге әлеуметтік іс-шараларға арналған шындарды көбейтуге мүмкіндік береді", – деді шаһар басшысының орынбасары. 

Бұл қаражат 8 мектептің, 13 қосымша құрылыстарды жалғастыруға, жолаушылар тасымалдау үшін жаңа автобустар сатып алуға, жеке балабақшаларға мемлекеттік тапсырыс орналастыруға, "Бақытты отбасы" бойынша 223 отбасына жеңілдікпен несие беруді қаржыландыруға, барлық әлеуметтік мекемеде мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалтуға және басқа да шығындарға жұмсалмақ. 

Бұл ретте жергілікті бюджетке түсетін қаражаттың 63%-дан астамын корпоративтік табыс салығы мен еңбекақы төлеу қорына салық түрінде орта және шағын бизнес төлеген. 

"Салалар бойынша бюджетке түсетін түсімдердің артқаны байқалады. Мсәлен, сауда саласында – үштен бірге, көлік саласында - 2 есеге, қаржы саласында - 20%-ға және өнеркәсіптен - 14%-ға өскен", – деді Ілияс Өсеров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу