Биыл Алматы қаласында 35000 көше шамы қалпына келтіріледі

632

Қалада сыртқы жарықтандыруды қалпына келтіру жалғасып жатыр.  

Биыл Алматы қаласында 35000 көше шамы қалпына келтіріледі Фото: gov.kz

Ескі шамдарды жаңасына ауыстыру және істен шыққан шамды жөндеу жоспарланған. Жарықтандыру саласындағы жұмыс көлемі 2,5 есеге ұлғайды, 2023 жылы 12700 жарық нүктесі қалпына келтірілді, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл туралы "Алматы Қала Жарық" МКК хабарлады. 2024 жылдың басынан бастап Рысқұлов-Күдерин, Халиуллин-ШААЖ, Сайын-Рысқұлов көшелеріндегі жолайырық мен тоннельдегі жарықтандыру қалпына келтірілді. Аталған учаскелерде барлығы 45 шам ауыстырылды. Былтыр мегаполисте барлығы 6,5 мың жарық нүктесі ауыстырылды.

Қалада сыртқы жарықтандыруды қалпына келтіру жалғасып жатыр. Күн сайын Алматы қаласының 8 ауданына 25-тен 31-ге дейін техника және ауысым бойынша 90-нан астам маман қызмет көрсетеді. Бұл жұмысқа қосымша 10 гидравликалық көтергіш тартылды. Қазір мұндай 30-дан астам автомұнара бар.

2024 жылдың басынан бастап "Алматы Қала Жарық" МКК диспетчерлік пункті Алматы қаласының тұрғындарынан барлығы 2600-ден астам өтінімді пысықтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу