Биыл Алматы облысында 1 млн шаршы метр тұрғын үй беріледі

848

Оның жартысына жуығы көпбалалы отбасыларға.

Биыл Алматы облысында 1 млн шаршы метр тұрғын үй беріледі

Алматы облысында "Нұрлы жер" бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда, биылғы жылы 1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы облысының әкімі Амандық Баталов осындай жаңа жаңалықпен бөлісті,  деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Нұрлы жер" бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда, биылғы жылы 1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беру жоспарланған. 2603 пәтерлік 521 тұрғын үй салынып жатыр, соның 1212-сі көпбалалы отбасыларға беріледі. Сонымен қатар жеңілдіктер қарастырылған "7-20-25", "Бақытты отбасы" және "Шаңырақ 5-10-20" бағдарламалары арқылы 1986 отбасы пәтер кілтін алады", – деді өңір басшысы. 

Бұдан бөлек өңір басшысы жұмыспен қамту мәселесіне тоқталды. 
Оның айтуынша, "Жұмыспен қамту жол картасы" шеңберінде өңірге 105 млрд теңге бөлінген, 20 мың жұмыс орнын құрған 1051 жоба жүзеге асырылды. Өткен жылы аймақ бойынша 60 мың жұмыс орны ашылған.

"Алматы облысында құрылыс саласында карантиндік шектеулерге қарамастан жұмыс қарқыны бәсеңдеген жоқ. Сол сияқты біз шағын және орта бизнес нысандарының жабылуы салдарынан жұмысынан босап қалған көптеген азаматты осы құрылыс саласында жұмыспен қамтыдық", – деді Амандық Баталов.

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу