Биыл Алматы облысында 50 мың тонна қант өндірілмек

655

2014 жылмен салыстырғанда өңірде қант қызылшасының алқабы 14 есеге артып, 16 мың гектарға жетті.

Биыл Алматы облысында 50 мың тонна қант өндірілмек

Елбасының қант қызылшасының бұрынғы даңқын жаңғырту туралы тапсырмасын орындау мақсатында 2014 жылдан бастап Алматы облысында түрлі шаралар қабылдануда. 

Солардың бірі – қызылша өсіретін алқапты ұлғайту. 2014 жылы өңірдегі қант қызылшасының алқабы 1,2 мың гектар болса, 2020 жылы ол 14 есеге артып, 16 мың гектарға жетті.

Мұндай нәтижеге қол жеткізу үшін облыстың шаруа қожалықтарына субсидия беріліп, Франция, Германия, Дания елдерінен әкелінген жоғары өнімділікті тұқым үлестірілген.

Қант қызылшасын өсірумен қатар оны өңдеу де қажырлы еңбекті талап етеді. 
Сондықтан облыста Көксу қант зауыты мен Ақсу қант зауыты іске қосылған. 

Қазіргі кезде Көксу қант зауыты 260 мың тонна қант қызылшасын өңдеуге қауқарлы. Кәсіпорын 80% қайта жаңғыртылды, өндіріс толық автоматтандырылған, бұл қант сапасын еселеп арттыруға ықпал етуде. Тағы бір маңызды жайт – бұл зауыт табиғи газға қосылды. Кәсіпорынның экологиялық таза отынмен жұмыс істеп тұрғанына екі жыл болды. Бұл нысанға экономикалық жағынан тиімді болса, өңір үшін экологиялық жағынан тиімді. Бұрын зауыт маусымына 10 мың тонна мазут жақса, газға көшкелі отынға кететін шығын 1,5 есе азайған.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу