Биыл Алматы облысында 51 өндірістік нысанның құрылысы аяқталады

856

Биыл Алматы облысында 51 өндірістік нысанның құрылысы аяқталады

Өткен жылы Алматы облысындағы өндіріс өнімдерінің жалпы көлемі 750 миллиард теңгеге жетті. Бұл 2016 жылғы деңгеймен салыстырғанда 3 пайызға артық. Негізгі үлес өңдеуші кәсіпорындардың еншісіне тиіп отыр, яғни 85 пайыз, деп жазады 24.kz.

Былтыр Жетісу өңірінде 65 жаңа өндіріс орны пайдалануға берілсе, жұмыс істеп тұрған 30 кәсіпорын кеңейтілген болатын. Соның есебінен 1800 қосымша жұмыс орны ашылды. Биыл облыстағы жаңа жобаларға 600 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылады.

"2018 жылға біз Алматы облысында барлық біздің басқармалармен бірлесіп, 101 инвест-жоба жасап жатырмыз. Ол 101 инвест-жобаның 51-і 2018 жылы бітеді, іске қосылады", - дейді облыстық кәсіпкерлік және ИИД басқармасының басшысы Алимжан Тохтасунов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу