Биыл "Алматы жастары" бағдарламасы бойынша 1100 несие беріледі

890

2023 жылы "Алматы жастары" бағдарламасы аясында берілетін несие саны артады. Алайда бір несиенің шекті мөлшері бұрынғы қалпында (18 миллион теңге) қалмақ.  

Биыл "Алматы жастары" бағдарламасы бойынша 1100 несие беріледі Фото: krisha.kz

Биыл "Алматы жастары" бағдарламасы бойынша 1 100 азаматқа несие беру жоспарланып отыр. Бұл туралы "Отбасы банк" АҚ Алматы бойынша директоры Данагүл Түсіпова өңірілік коммуникациялар қызметінде өткен брифингінде айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Данагүл Түсіпова айтуынша, 2017 жылдан бастап қалада "Алматы жастары" жеңілдетілген бағдарламасы іске асырылып келеді. Ол барлық өңірде аймақтық бағдарламалардың іске қосылуына негіз болды. "Елорда жастары", "Алатау жастары" бағдарламалары бар.

Несие беру шарттары әртүрлі. Мысалы, "Алматы жастары" бағдарламасы бойынша білім, денсаулық сақтау, мәдениет, БАҚ, спорт, ғылыми-зерттеу институттары, құқық қорғау органдары сияқты 7 салада еңбек етіп жүрген 35 жасқа дейінгі жастарға несие беріледі.

Биыл өзгерістер жоспарланған. Енді Алматы қаласының әкімдігі бағдарламаға өзгерісті мақұлдаса, 1 100 азаматқа несие берілмек. Бастапқы жарна – 10%, пайыздық мөлшерлемесі – 5%.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу