Биыл Алматыда 10 спорттық нысан салынады

803

52 орта мектеп стадионын жаңарту жоспарланған.

Биыл Алматыда 10 спорттық нысан салынады

Бұл туралы Алматыда қала әкімі Бақытжан Сағынтаев халықпен кездесуі барысында мәлім етті, деп хабаралады inbusiness.kz тілшісі. 

"Біз қазір спорт кешендерін салу бойынша кешенді бағдармалар жасадық. Биылдың өзінде бюджет есебінен алты спорт кешені салынады. Бұдан бөлек жеке кәсіпкерлер де кешендер салуда. Екінші, ашық алаңдар да салынуда. Біз осы ашық алаңда балаларды спортпен шұғылдандыру үшін тәжірибелі жаттықтырушыларды шақырып жатырмыз", – деді Бақытжан Сағынтаев. 

Жалпы биыл Алматыда 10 спорт нысанының құрылысы жоспарланған. Оның 6-ы жергілікті бюджет есебінен. Бұл 5 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы, оның ішінде Жетісу ауданының "Айнабұлақ-2", "Кемел" және "Құлагер" шағын аудандарында, Медеу ауданының "Алатау" шағын ауданында, Түрксіб ауданындағы "Жас Қанат" ықшам ауданында. Сондай-ақ, Алатау ауданында жабық және ашық корттары бар теннис орталығының құрылысы жоспарланған. 

"Құрылыс жұмыстары басталды, аяқталу мерзімі-2021 жыл. Сонымен қатар, биыл 52 орта мектеп стадионын жаңарту жоспарланған", – деді шаһар басшысы. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу