Биыл Алматыда 1 мыңнан аса жәрмеңке өткізіледі

525

Жәрмеңкелер демалыс күндері ұйымдастырылмақ.

Биыл Алматыда 1 мыңнан аса жәрмеңке өткізіледі Фото: vecher.kz

Шаһар билігі азық-түлік инфрақұрылымын дамытып, жергілікті шаруаларды қолдамақ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2026 жылы Алматы қаласының әкімдігі 1 мыңнан астам жәрмеңке өткізуді көздеп отыр. Қазақстандағы ең үлкен мегаполисте демалыс күндері өтетін жәрмеңке саны көбейеді.

"2025 жылы Алматының 5 ауданында 430 жәрмеңке ұйымдастырылды, ал биыл жыл соңына дейін олардың саны 2,5 есеге артады: 1000-нан астам жәрмеңке өткізу жоспарланған", – деп хабарлады әкімдік.

Жәрмеңкеде қала тұрғындары жаңа піскен көкөністер, жеміс-жидек пен өзге де ауыл шаруашылығы өнімдерін шаруалардан тікелей, арзан бағамен сатып ала алады.

Әкімдік демалыс күндері қаланың 5 ауданында жәрмеңке өтетін орындарды белгіледі.

Олар:

  • Алмалы ауданы: Масанчи – Гоголь мен Әйтеке би көшелерінің аралығы;
  • Әуезов ауданы: Өтеген батыр көшесі – Абай даңғылынан төмен;
  • Бостандық ауданы: "Қазақфильм" шағын ауданы, Есенәлиев көшесі;
  • Жетісу ауданы: "Құлагер" шағын ауданы мен аудан әкімдігі ғимараты арасындағы автотұрақ;
  • Медеу ауданы: Меңдіқұлов бульвары мен Байтұрсынов көшесінің қиылысы.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу