Алматыда эпидемиялық маусым басталғалы қаланың медициналық ұйымдарына кенеге қатысты 182 адам жүгінді, оның ішінде 100-і 15 жасқа дейінгі балалар – бұл 54,9%-ын құрайды. Барлығына жедел медициналық көмек көрсетілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Шұғыл медициналық көмек барлығына дер кезінде көрсетілді, кенеге қарсы иммуноглобулин салынды. Өткен жылы кене боррелиозының 9 жағдайы тіркелсе, биылғы жылдың өткен кезеңінде бірде-бір ауру тіркелген жоқ", - дейді қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова.
Ол кенелер кене энцефалиті және кене боррелиозы сияқты жұқпалы аурулардың тасымалдаушысы екенін атап өтті. Кенелердің жиі қағатын маусымы наурыз-қазан айларына келеді, ал ең жоғары көрсеткіш мамыр мен маусымда тіркеледі.