Биыл Алматыда 326 мың шаршы метр жол жөнделді

2024 жылы мегаполис аудандарының бюджеті 20,5%-ға артпақ. 

Биыл Алматыда 326 мың шаршы метр жол жөнделді Фото: egemen.kz

Мемлекет басшысы қолдаған Алматыдағы Мемлекеттік басқару жүйесін орталықсыздандыру аудандық әкімдік жұмысының тиімділігін едәуір арттырып, қала тұрғындарының өзекті мәселесін шешуді жеделдетті, деп хабарлады Алматы әкімі Ерболат Досаев ОКҚ алаңында.

"2023 жылдың 1 сәуірінен аудандық деңгейге 15 функция берілді. 8 ауданның бюджеті 2022 жылы 51,6 млрд теңгеден 2023 жылдың 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 162,9 млрд теңгеге дейін 3 еседен аса ұлғайтылды. Орталықсыздандыру аясында аудан әкімдіктері биылғы жылдың 11 айында 326 мың шаршы метр жол төсемін жөндеді. 177 шақырым сумен жабдықтау және кәріз тарату желілері салынды", — деді Ерболат Досаев.

Сонымен қатар балаларды қолдау бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда. Тегін үйірмелерге бару үшін 90 мыңға жуық ваучер берілді. Соның ішінде 47 213 - шығармашылық тапсырысқа және 42 691 - спорт үйірмесіне. Қала әкімінің 2024 жылы 8 ауданның бюджеті тағы 20,5%-ға өсіп, 196,4 млрд теңгеге жететінін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу