Биыл Алматы әкімдігі 6 мыңнан астам бейнебақылау камерасы орнатылады, оның 750-і Медеу ауданына қойылады. Қала әкімі Ерболат Досаевтың айтуынша, Медеу халық тығыз орналасқан ауданның бірі. Сол себепті әкімдік мегаполистің осы және басқа да ауданында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөледі.
"Тәжірибе көрсеткендей, аудандағы қылмыстардың 80%-і бейнебақылау камерасының көмегімен ашылады. Былтыр адам көп жиналатын жерлерде жаңа 355 бейнебақылау камерасы орнатылды", - деді қала басшысы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу