Биыл Алматыда 7 мың жасөспірімді әскери есепке қою жоспарланған

846

Алматы қаласының жергілікті әскери басқару органдары 2004 жылы туған ер азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді бастады. 

Биыл Алматыда 7 мың жасөспірімді әскери есепке қою жоспарланған

Бұл туралы Алматы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары Фархат Құрманғажинов мәлім етті.

Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу жұмыстары, оның ішінде жастарды әскери есепке тұрғызу, олардың санын және әскери қызметке жарамдылық дәрежесін айқындау, білім деңгейін, алған мамандығы мен спорттық даярлығын анықтау мақсатында қаңтар айының басынан бастап жүргізілуде. Іс-шара жыл сайын 5 қаңтардан 31 наурызға дейін жалғасады.

"Биыл Алматы бойынша 7 мыңға жуық жасөспірімді әскери есепке қою жоспарлануда. Әрбір адам тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органына жүгініп, толық ақпарат ала алады", - деді спикер. 

Күн сайын қаланың жергілікті әскери басқару органдарына медициналық тексеруден өту үшін мектеп және арнайы орта оқу орындарының оқушылары келуде. Жасөспірімдер әскери қызметке жарамдылығын дәлелдейтін медициналық тексеруден өтеді. Егер тіркеу барысында емделуге немесе медициналық бақылауға мұқтаж әскерге шақыру жасына дейінгі жастар анықталып, емдеу-профилактикалық ұйымдарына тіркеледі.

"Белгілі бір жұмыс алгоритмі жасалды. Аталған жұмыс барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылды, санитарлық-эпидемиологиялық шаралар күшейтілді. Басқармалар, әскерге шақыру жасына дейінгілер мен медициналық комиссия мүшелері медициналық бетперделермен  және антисептиктермен қамтамасыз етіледі. Медициналық тексеру кемінде 2 метр қашықтықты сақтау арқылы өтеді. Медициналық комиссия ғимаратында күніне кемінде 2 рет барлық қызметтік және қосалқы бөлмелерге  дезинфекция жүргізіледі", - деп атап өтті Фархат Құрманғажинов.

Азаматтарды шақыру учаскелеріне есепке алу жұмыстары жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті әскери басқару органдары бірлесіп жүргізеді.

Барлық іс-шаралар аяқталғаннан кейін жастарға шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлік беріледі. Бұл куәлік әскерге шақыру кезінде азаматтың есепте тұрғанын растайтын құжат болып табылады.

Медициналық (әскери-дәрігерлік) комиссия әскери қызметке жарамсыз деп таныған азаматтар әскери есепке қабылданбайды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу