Биыл Алматыда 700 жас мұғалім 20 АЕК көлемінде грант алады

1111

Бүгін Алматыда білім жүйесі қызметкерлерінің форумы өтті. 

Биыл Алматыда 700 жас мұғалім 20 АЕК көлемінде грант алады

Алматы қаласының әкімі педагогикалық жоғары оқу орындары мен колледждерді бітіріп, Алматының мемлекеттік мектептерінде еңбек жолдарын енді бастайтын барлық жас маманға бірреттік материалдық көмек беру жөнінде шешім қабылданғанын жеткізді, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Биылғы жылы 700 жас мұғалім бюджеттік қаржының есебінен 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде грант алатын болады.

Сонымен қатар, үздік білім ұйымдарын 800 айлық есептік көрсеткіш бойынша жыл сайынғы дәстүрлі марапаттау жалғасады.

Алматы әкімі жаңадан қолға алынатын әрі жыл сайын өтетін "Úzdіk ustaz" ("Лучший педагог") байқауы және оның қорытындысы 2020 жылдан бастап Мұғалім күні қарсаңында шығатыны туралы хабардар етті. Жеңімпаздарға ынталандыру сыйлығы ретінде пәтер, автомобиль және басқа да бағалы сыйлықтар беріледі.

Қазіргі кезде Алматыда 32 мыңға жуық мұғалім бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу