Биыл Алматыда ғимараттарға жылу ертерек беріле бастайды

409

Қазіргі кезде жылыту маусымына 99 пайызға дайын. 

Биыл Алматыда ғимараттарға жылу ертерек беріле бастайды Фото: inbusiness.kz

Алматыда балабақшалар мен мектептерде 7 қазанда жылу беріле бастайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматыда 7-11 қазан аралығында нысандарды орталық жылу жүйесіне қосу жоспарланып отыр. Бірінші кезекте, жылу әлеуметтік мекемелерлерге, оның ішінде балабақшаларға, мектептерге және медициналық-әлеуметтік нысандарға берілетін болады. Қазіргі кезде жылыту маусымына 99 пайызға дайын.

"АлТС" ЖШС қазірдің өзінде айналым режимін іске қосуға дайын, бұл қажет болған жағдайда жылу беруді жедел бастауға мүмкіндік береді. Коммуналдық кәсіпорын материалдық – техникалық базадан бастап бригадаларға арналған арнайы техника мен киімге дейін барлық қажетті заттармен толық жабдықталған, олар ықтимал авариялар мен технологиялық іркілістерді жоюмен айналысатын болады.

Еске салсақ, Алматыда жылыту маусымы әдетте 15 қазаннан басталады, бұл кезде сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы бес күн ішінде +8 градусқа дейін немесе одан төмен түседі. Осыдан кейін жергілікті атқарушы органдар жылыту маусымын бастау туралы шешім қабылдайды. Өткен жылы жылу 10 қазаннан бастап берілген болатын.

Жылуды қосу кезең кезеңімен жүреді:

Әлеуметтік нысандар (балабақшалар, мектептер, медициналық мекемелер);
Тұрғын үйлер, жатақханалар, қонақ үйлер;
Әкімшілік ғимараттар, оқу орындары, театрлар;
Басқа ғимараттар.

Тұтынушыларға энергия беруші ұйым жылыту маусымының басталғаны туралы хабарлайды, ал апаттық және сервистік қызметтер объектілерде жылуды қосу жөніндегі нұсқаулықтарды алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу