Биыл Алматыда халықты әлеуметтік қолдауға 40 млрд теңге қарастырылған

Тұрғын үй алу кезегін қысқарту мақсатында халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 2 мың пәтер сатып алуға 38,2 млрд теңге бөлу жоспарлануда.

Биыл Алматыда халықты әлеуметтік қолдауға 40 млрд теңге қарастырылған Фото: almaty.tv

Бұл туралы мәслихат сессиясында қала әкімінің орынбасары Асқар Әмрин мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Демеу" және "Қамқор" орталықтарында 760 адам қызмет алады. Олардың қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін 267,5 млн теңгеге ғимараттарға жөндеу жүргізу жоспарланған.

"Кешенді әлеуметтік көмек көрсету үшін мүгедектігі бар 120 адамға арналған әлеуметтік интеграция орталығын ашу жоспарланған. Бұл орталықта оңалту жұмыстарын жүргізу, сурет салуға, театр, фото және операторлық өнерге және т. б. оқыту жоспарлануда.

Бұл мақсаттарға жергілікті бюджеттен 180 млн теңге қарастырылған", – деді спикер. 

Мәдениет және спорт салаларына 5,5 млрд теңге қарастырылған, оның ішінде:

кітапхана жүйесін цифрландыруға 329,7 млн теңге бөлінді. Бұл кітап алу процесін автоматтандыруға, оқырмандарға қызмет көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

"Жыл сайынғы контингенті 14 мың бала мен 2 мыңнан астам спортшыны құрайтын 3 жоғары спорт мектебін және олимпиадалық резервтегі 10 мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебін ұстауға жергілікті бюджеттен 2 млрд теңге бөлінеді. Балуан Шолақ атынағы спорт сарайын жаңғыртуға және ұстауға 726 млн теңге қарастырылған.

Алатау, Зерделі және Жас Қанат ш/а-да 3 жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталуда. Бұл мақсаттарға жергілікті бюджеттен 884,4 млн теңге бөлінеді", – деді Асқар Әмрин. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу