Биыл Алматыда қандай спорттық нысандар салынды?

1173

Шаңғы трамплиндер кешенінің екінші кезегінің құрылысы аяқталды. 

Биыл Алматыда қандай спорттық нысандар салынды?

Пандемияға қарамастан Алматы қаласы Бостандық ауданында жаңа спорт ғимараттары салынып жатыр. Бұл туралы онлайн брифинг барысында аудан әкімі Алтай Рахымбетов мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Біз бұқаралық спортты дамытудамыз. Спорттық инфрақұрылымды бюджет есебінен де, инвесторлар есебінен де нығайтып жатырмыз. Биыл жыл бойы жұмыс істейтін "Жандосым" теннис орталығының құрылысы аяқталды. Тәулік бойы 200 адамды қабылдай алады", – деді Алтай Рахымбетов. 

Сонымен қатар ол "Сұңқар" шаңғы трамплиндер кешенінің екінші кезегінің құрылысы аяқталғанын атап өтті. 

"Онда 580 орынды мінбері бар әмбебап зал, жабық жүзу бассейні мен қонақ үй кешені орналасатын болады. Тәуліктік өткізу қабілеті – 940 адам. Сhampion жеке қорының қолдауымен заманауи MyWin спорт кешенінің құрылысы басталды. Онда әмбебап зал мен бассейн орналасады. Аяқталу мерзімі 2022 жылға жоспарланған", – деді аудан басшысы. 

Айта кетерлігі, Алматының тек Бостандық ауданның мектептерінде, ЖОО мен колледждерінде 400-ге жуық тегін секция жұмыс істейді. Онда 20 мыңнан астам оқушы мен студент жаттығады. Сонымен қатар 15 спорт алаңында футбол, баскетбол, воркаут және теннис бойынша тегін жаттығулар өткізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу