Биыл Алматыда көлікті мас күйде басқарған мыңға жуық жүргізуші ұсталды

541

Бұл мәліметтерді жергілікті полиция қызметі ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Биыл Алматыда көлікті мас күйде басқарған мыңға жуық жүргізуші ұсталды

"Жыл басынан бері 470 501 ЖҚЕ бұзу дерегі анықталды. Көлікті мас күйінде басқарған 988 жүргізуші ұсталды. Сот шешімімен 1 549 жүргізуші көлік құралын басқару құқығынан айырылды. 972 көлік жүргізушісі әкімшілік қамауға алынды. Көлікті мас күйде жүргізу көп жағдайда адам өлімімен аяқталады", – деп хабарлады қалалық ПД. 

Еске сала кетейік, көлікті мас күйінде басқарғаны үшін заң бойынша жаза күшейтілген.

"Бірінші рет көлік құралын басқару құқығынан айыру мерзімі – 7 жыл. Сонымен қатар 30 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу қарастырылған", – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Алмасбеков. 

Сондай-ақ ЖПҚ алты айда шаһар жолдарында 1 473 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 1 806 адам зардап шеккенін, тағы 42 адам қайтыс болғанын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу