Алматыда қызметтік міндетін орындау кезінде қайтыс болған өрт сөндірушілердің ескерткішіне гүл шоқтары қойылды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.
Шараға қатысушылар Алматы қаласының өртке қарсы қызмет гарнизонында бір минут үнсіздікпен қаза болған құтқарушыларды еске алды.
Айта кетсек, Алматының барлық өрт сөндіруші қызметі, жедел-құтқару және басқа да бөлімшелері 2019 жылдың басынан бері қарай төтенше жағдай аймағынан 963 адамды алып шығыпты.
"ТЖ кенеттен болған оқиғаларының зардаптарын жою үшін 451 жерге барды, 916 адамның өмірін құтқарды, 796 млн теңгенің материалдық бағалы заттарын сақтап қалды",– делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу