Биыл Алматыдағы учаскелік инспекторлар 5 мыңнан аса қылмысты ашқан

475

Шаһар әкімі тәртіп сақшыларына құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

Биыл Алматыдағы учаскелік инспекторлар 5 мыңнан аса қылмысты ашқан

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалалық Полиция департаментінің басшылығымен онлайн-кеңес өткізді. Жиын барысында жергілікті полиция қызметі мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша учаскелік инспекторлардың жұмысын жандандыру мәселелері талқыланды.

Қалада 491 учаскелік инспектор мен олардың 102 учаскелік көмекшісі қызмет етеді. Бұған қоса 102 учаскелік пункт жұмыс жасайды. Бұл ретте Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев құқық бұзушылықты болдырмау, оның ішінде тұрмыстық сипаттағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды күшейтуді тапсырды. Кеңес барысында учаскелік полиция қызметінің материалдық-техникалық базасын нығайту, учаскелік полиция қызметкерлерінің мәртебесін көтеру мәселелері қаралды. 

Жыл басынан бері Алматы учаскелік инспекторлары 5 мыңнан астам қылмысты ашып, қала тұрғындарының 370 мыңнан астам шағымдары мен арыздарын қарады. Әкімшілік жауапкершілікке 61,6 мың азамат тартылды.

Еске сала кетсек, өткен жылы мегаполисте қылмыс жиі орын алатын аймақтарға 37 модульдік полиция бекеттері орнатылды, оларға ағымдағы жылдың басынан бері 40 мыңға жуық өтініш түскен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу