Биыл Алматыға 16 мыңнан астам шетелдік келді

865

344 өзге ел азаматы Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзған. 

Биыл Алматыға 16 мыңнан астам шетелдік келді

Жыл басынан бері Алматыға 16 мыңнан астам шетелдік келді, деп хабарлайды деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"Биылғы жылдың үш айында қалаға 16 мың 53 шетелдік азамат келді. Еліміздің көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 4 мың 641 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 344 шетел азаматы бар. 81 шетелдік әкімшілік жолмен елден шығарылды. Әкімшілік тұрғыдан 29 жұмыс беруші басқа елдердің азаматтарын Қазақстан заңдарын өрескел бұзып, жұмысқа қабылдағаны үшін жазаланды", – деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу