Биыл Алматыға ойланбай қыдырып барсаңыз болады

CNN Travel басылымы 2025 жылы саяхаттауға тұрарлық қалалардың тізімін жариялады. 

Биыл Алматыға ойланбай қыдырып барсаңыз болады Фото: gov.kz

Сарапшылар пікірінше, 25 бағыттың "The best places to visit" бөлігінде Алматы қаласы көш бастап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Бұл шынымен де барлығы бар сирек қалалардың бірі – керемет тағамдар, жанды түнгі өмір, тез дамып келе жатқан мәдени және өнер сахнасы. Сондай-ақ, Тянь-Шань тауларының етегіндегі орналасуы – әлемдегі ең керемет пейзаждарға оңай қолжетімділік, – делінген материалда.

Мақала авторы "Алматы метросының станциялары – нағыз өнер туындысы" деп баға береді. Журналист Карла Крипс метро станцияларының 20 мыңнан астам өнер туындысы орналасқан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы әлемдік деңгейдегі мұражайларды толықтырып тұрғанын ерекше тебіреніспен жазған.

Автор туристерге Алматыда "нео-көшпелі тағамдардан" ауыз тиюге кеңес береді. Сондай-ақ, ол Алматыға Еуропадан, Азиядан және Таяу Шығыстан тікелей рейстер арқылы оңай жетуге болатынын жеткізген.

Айта кетейік, CNN Travel қалалар мен елдер тізіміне Алматымен қатар, Үндістандағы Андаман және Никобар аралдары, Какар таулары (Түркия), Кансай (Жапония), Мендоза (Аргентина), Нэшвилл (АҚШ), Нуук (Гренландия), Озаркс (АҚШ), Рабат (Марокко), Сан-Франциско де Кампече (Мексика), Стокгольм (Швеция), Таупо (Жаңа Зеландия) және Ванкувер (Канада) енген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу