Биыл алматылық кәсіпкерлерге 2,2 есе көп қаржы бөлінді

814

Салаға үш жылда жылда 31 млрд теңге қарастырылған.

Биыл алматылық кәсіпкерлерге 2,2 есе көп қаржы бөлінді

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары Қалибек Ақылбеков "Бизнестің жол картасы" бағдарламасының жұмысы туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Спикер Алматы кәсіпкерлеріне қаржылай көмек көрсету көлемі жыл сайын өсіп келе жатқанын атап өтті.

"Жыл сайын "Бизнестің жол картасы" бағдарламасының бюджеті өсіп, үш жылда 31 млрд теңгені құрады. Биыл бюджет 17,7 млрд теңгені құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,2 есе көп", –  деді Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары.

Бөлінген қаражаттың 690 млн-ы қайтарымсыз гранттарға, қалғандары субсидиялауға және ішінара кепілдендіруге бағытталды. Спикер бүгінгі таңда 154 млрд теңге несие сомасына 2 332 жоба мақұлданғанын да атап өтті. Бағдарламаның арқасында 1 600-ден астам жұмыс орны ашылды.
 
Бұл ретте жобалардың ең көп саны сауда салаларында – 17%, әкімшілік және қосалқы қызмет көрсетуде – 15%, өнеркәсіпте – 13% қаржылық қолдау алды. Бұдан басқа, жобалардың 60%-ы негізгі құралдарды, үй-жайларды, жабдықтарды сатып алуға қаржыландырылады. Сауда саласында несиелер айналым қаражатына алынады.

Қалибек Ақылбеков қараша айында республикалық бюджеттен "Бизнестің жол картасы" бағдарламасы бойынша 1 млрд теңге көлемінде қосымша қаржы  бөлу жоспарланғанын айтты.

"Біздің қаламызда дағдарысқа қарсы түрлі шаралар жүзеге асырылуда, олардың бірі – шағын және орта бизнес субъектілеріне мемлекеттік гранттар ұсыну. Егер 2018-2019 жылдары жыл сайынғы бюджет 145 млн теңгені құраса, орта есеппен 80 жоба қаржыландырылса, 2020 жылы пандемия кезінде қаржыландыру сомасы 5 млн теңгеге дейін өсті", – деді спикер.,
 
Басқарма өкілінің айтуынша, өткен жылы жергілікті бюджеттен 705 млн теңге бөлінген. 2021 жылы бұл үрдіс сақталды және бюджет 700 млн теңгені құрады.

"Көктемде бірінші кезеңде 421 жоба қаралып, 513 млн теңгеге 162 жоба қолдау тапты, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтары санаты бойынша – 106 жоба. Негізінен өнеркәсіп саласындағы жобалар қаржыландырылды, олар шамамен 69%-ды құрайды. Қазіргі уақытта гранттарды конкурстық іріктеудің екінші кезеңі жүріп жатыр. Қазірдің өзінде 1 300 өтінім келіп түсті", – деп жалғастырды сөзін Қ. Ақылбеков.
 
Ведомство басшысының орынбасары Алматылық кәсіпкерлер экономикалық өсім қарқынын жеделдетуге ықпал етіп, жұмыс орындарын ашатынын атап өтті.

"2020 жылы қаржыландырылған жобалар мониторингінің нәтижелері бойынша қазіргі уақытта жобалардың шамамен 30%-ы іске қосылды, 105 жұмыс орны құрылды", – деп атап өтті спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу