2020 жылы Алматыда 7 ірі көшенің ескірген жарық желісі жаңартылды. Бұрынғыларының орнына энерготиімді шамдар орнатылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы басшысының орынбасарының міндетін атқарушы Берік Жамбылов айтты, деп хабарлады inbusiness.kz порталы.
"Алматыда "Шетсіз қала" бағдарламасы бойынша 4 аудандағы 1 423 көшеге жарық шамдары орнатылды. Оның ішірде Алатау ауданындағы - 413 көшеге, Жетісу ауданындағы - 84 көшеге, Наурызбай ауданындағы - 312 көшеге, Турксіб ауданында- 614 көшеге. 2021 жылы тағы 601 көшеге жарық орнатылмақ. Оның 200-де аталған жұмыстар басталып кетті. Сонымен қатар биыл 270 шақырым жаңартылады", - деді спикер.
Шаһардың электр желісінің жалпы ұзындығы 8,381 мың шақырымды құрайды. 2020 жылы оның 293,4 шақырымы модернизацияланды.