Биыл Алматының Алатау ауданында 3400 жаңа жұмыс орны ашылған

894

Бүгін аудан әкімі БАҚ өкілдерімен кездесіп, брифинг өткізді.  

Биыл Алматының Алатау ауданында 3400 жаңа жұмыс орны ашылған

Бірінші жартыжылдықта Алматының Алатау ауданынан мемлекеттік бюджетке 31 млрд 31 млн теңге түскен. Бұл туралы 6 айдың әлеуметтік-экономикалық қортындысы туралы баяндаған аудан әкімі  Азамат Қалдыбеков айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Әкімнің айтуынша бұл соманың 15 млрд теңгесі республикалық бюджетке, 15 млрд теңгесі жергілікті бюджетке түскен. 

"Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы қалыпты. 2 ірі, 4 орташа өндірістік компания бар. 3482 жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл жылдық жоспардың 91,6%", дейді Азамат Қалдыбеков. 

Әкімнің есебіне сүйенсек, ауданда 1562 отбасы 381,8 млн теңеге атаулы әлеуметтік көмек, 157 отбасы  8,2 млн теңгелік тұрғын үй көмегін алған. Демеушілердің көмегімен 300 отбасыға киім, 3000 адамға азық-түлік себеті берілген. 
Аудан әкімі есеп барысында Коивдке қарсы күреске де тоқталды. 

"Ауданда 307 мың адам тұрады. Оның шамамен 118 мыңы вакцина алуы керек. Қазірге дейін 80 217 адам вакцина алды. Киовдке қарсы күрес бойынша түрлі заңсыздықтардың алдын-алу үшін 12 адамнан тұратын 5 жұмыс тобы құрылған. Олар 366 рейд жасап,  3799 нысанда аралады. 280 заң бұзу анықталып, 175 протокол толтырылған. Оның ішінде 117 жеке тұлғаға 5,1 млн теңге, 58 заңды тұлғаға 14 млн теңге айыппұл салынды", - деді әкім. 

Алматы маңындағы аудандардың ең басты мәселелердің бірі – мектеп, жол, газбен қамту. Азамат Қалдыбековтың айтуынша Алатау ауданында 26 мемлекеттік , 2 жекеменшік мектеп бар. Оларда 47060 оқушы оқиды. 20 мемлекеттік, 153 жекеменшік балабақша жұмыс істейді. Орын тапшылылығын азайту мақсатында құрылысы басталған, 2 балабақша, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде салынып жатқан 5 мектеп биыл іске қосылмақ. 
45 шақырымдық 26 көше күрделі жөндеуден өткізілмек. 86 көшеде шұңқырлар бітеліп, 7 көшеде орташа жөндеу жасалмақ. Алғабас, Самғау, Өжет, Шаңырақ-5 ықшам аудандарында жаңа жол құрылысы басталған. 

"Сондай-ақ, 7 шағын ауданда 207 шақырымнан асатын су, кәріз құбыры тартылуда", деген әкімнің айтуынша Алатау ауданның 97% газға қосылған. Қазіргі кезде көгілдір отынға қосылмаған 620 үй бар. Оның 114 газ желісі жоқ, 506 үй түрлі себеппен қосыла алмай отыр. Оның 46-сы аз қамтылған отбасы болғандықтан әкімшілік көмек жасап, қазіргі кезде көгілдір отынға қол жеткізген.  

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу