Биыл Алматының Индустриалды аймағында 40,3 млрд теңгеге 9 жоба жүзеге асырылады

824

Шағын кәсіпорындар үшін 5 мың шаршы метр өндіріс алаңы салынуда. 

Биыл Алматының Индустриалды аймағында 40,3 млрд теңгеге 9 жоба жүзеге асырылады

Елордада өткен баспасөз конференциясында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала экономикасының салаларын қалпына келтіру және Индустриалды аймақтың жұмысы туралы баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Айтуынша, Алматының өнеркәсіптік секторын қолдаудың нәтижесінде Индустриалды аймақ қарқынды дамуда. 

"Мұнда жыл соңына дейін жалпы құны 40,3 млрд теңге болатын 9 жоба іске асарылады. Нәтижесінде 823 жұмыс орнын құрылады. Жаңа кәсіпорындарда автоклавталған газбетон, медициналық мақсаттағы диагностикалық тестілер, табиғи тастан жасалған бұйымдар, салқындатқыш сұйықтықтар, үлкен диаметрлі дәнекерленген болат құбырлар, электр бұйымдары, инженерлік сантехника және жылыту жабдықтары, орташа вольтты кешенді тарату қондырғыларын шығару өндірісі жолға қойылады", – деді қала әкімі. 

Қазіргі кезде бөлінген жер учаскелерінде құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Кейбір резидент-компаниялар ғимараттардың іштерін әрлеп, өндірістік жабдықтарды жеткізіп,  аумақтарды абаттандыруда.

"Индустриалды аймақта шағын кәсіпорындар үшін алаңы орта есеппен 5 мың шаршы метр болатын өндіріс орындары салынуда. Биылғы жылы 20 мың шаршы метрлік төрт шағын өндірістік паркті іске қосу жоспарлануда, инвестиция көлемі 3,2 млрд теңгені құрайды, 900 жұмыс орны ашылады", – деді Бақытжан Сағынтаев.

Алматыдағы шағын өнеркәсіптік парктердің резиденттері үшін жылдық 2%-бен жеңілдетілген қаржыландыру қарастырылған. 

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу