Биыл Алматының МӘМС жүйесіне 398 млрд теңгеден астам қаржы түсті

846

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында Алматы қаласы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының директоры Тілеухан Әбілдаев мәлім етті, деп жазды inbusiness.kz.  

Биыл Алматының МӘМС жүйесіне 398 млрд теңгеден астам қаржы түсті

"2022 жылдың 5 айында МӘМС жүйесіне түсімдер 398,4 млрд теңгені құрады. Түсімдердің негізгі үлесін 15 жеңілдік санаты үшін мемлекеттің жарналары құрайды – бұл 42%-дан астам, жұмыс берушілердің аударымдары – 34,7%-дан астам және экономикалық белсенді халықтың жарналары – 22,6%", – деп атап өтті Тілеухан Әбілдаев.

Өңірлер бойынша ең көп кірістер Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарына тиесілі.

Спикер МӘМС-тің енгізілуімен тұрғындар үшін консультациялық-диагностикалық көмектің қолжетімділігі артқанын баса айтты.
 
"Медициналық ұйымдар тарапынан құқық бұзылған жағдайда кез келген қала тұрғыны пайдалана алатын кері байланыс арналары бар. Атап айтқанда, Qoldau24/7 мобильді қосымшасы, 1406 бірыңғай байланыс орталығы және ресми сайт fms.kz. барлық өтініштер міндетті түрде қарастырылады", – деді спикер. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу