Биыл ана өлімі 3,5 есе төмендеді

Бұл туралы бүгін Сенаттағы Үкімет сағатында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Биыл ана өлімі 3,5 есе төмендеді Фото: Егемен Қазақстан

"Биыл ана өлім-жітімі 3,5 есеге төмендеді. Нәресте өлім-жітімінің абсолюттік саны 200-ден астам балаға төмендеп отыр. Ал аурушаңдық қазіргі алдын алу зерттеулерінің арқасында және ковидтің салдарынан бүгінде өсіп отыр. Халық денсаулығы көрсеткіштерінің жақсаруы халықаралық рейтингтерде де байқалады. Мәселен, 2021 жылдың қорытындысы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттары рейтингінде Қазақстан Республикасы позициясының жақсарғаны байқалады. 2020 жылы 193 елдің ішінде Қазақстан 65-ші орынды иеленді. Ал 2022 жылдың басында Біріккен Ұлттар Ұйымы біздің мемлекетіміздің рейтингін 6 позицияға көтеріп, 59-орынға дейін жақсартты", - деді Ажар Ғиният.

 

 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу