Биыл "Аңсаған сәби" бағдарламасы аясында 40 нәресте дүниеге келді

1125

2 000-нан астам жүкті әйел есепке алынды.  

Биыл "Аңсаған сәби" бағдарламасы аясында 40 нәресте дүниеге келді

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова онлайн брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"10 қарашадағы жағдай бойынша, "Аңсаған сәби" бағдарламасы бойынша 6 мың емделушіге экстракорпоральды ұрықтандыру жасалды. Бұл – бүкіл жоспарлы көлемнің 84%-ы. Тағы 740 емделуші осы бағдарламаға қатысады. 2 000-нан астам жүкті әйел есепке алынды. Бүгінгі таңда аталған бағдарлама бойынша 40 нәресте дүниеге келді", – деді спикер.

Ана мен бала денсаулығын қорғау департаменті директорының айтуынша алдағы бес жылда "Аңсаған сәби" бағдарламасы бойынша 7 000 квота бөлінеді.

"Дені сау ұлт" ұлттық жобасы аясында 2025 жылға дейін жыл сайын бедеулігі расталған 7 000 жұпқа міндетті медициналық сақтандыру аясныда ЭКҰ жасату қарастырылған", – деді Мағрипа Ембергенова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу