Биыл "Аңсаған сәби" бағдарламасы бойынша 1 307 бала дүниеге келді

668

Тағы 3 063 әйел жүкті.

Биыл "Аңсаған сәби" бағдарламасы бойынша 1 307 бала дүниеге келді

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлім етті, деп жазды inbusiness.kz.

"2021 жылдан бастап Президент тапсырмасы бойынша "Аңсаған сәби" арнауы бағдарламасы іске қосылды. Жоба аясында 2026 жылға дейін экстракорпоральды ұрықтандыруға жыл сайын 7000 квота бөлу көзделген. Биылғы сәуір айындағы жағдай бойынша бағдарлама бойынша 1 307 бала дүниеге келді. Бүгінгі таңда тағы 3 063 әйел жүкті", – деді министр. 

Сондай-ақ "Балалар жылы" аясында өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтауға бағытталған іс-шаралар легі қарастырылған.

"Мәселен, оларға арналған профилактикалық тексеру пакеттері кеңейтілді. Бүгінгі таңда 9 сирек немесе орфандық аурулары бар балаларды емдеу үшін 24 дәрілік препараттар сатып алынатын болды. Сирек кездесетін аурулар ішінде жұлын-бұлшықет атрофиясы және эпилепсияның сирек кездесетін түрлері бар. Бұған республикалық бюджет есебінен 16,4 млрд теңге мөлшерінде қаржы көзделген", – деді Ажар Ғиният.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу