Биыл "Арал-Сырдария" бассейнінде жағдай қиындауы мүмкін

1069

Қазіргі су шаруашылығы жағдайын ескерер болсақ, алдағы вегетациялық кезең оңтүстік өңірде ауыр өтеді деп күтіліп отыр. Ең қиын жағдай Арал-Сырдария бассейнінде болуы мүмкін.  

Биыл "Арал-Сырдария" бассейнінде жағдай қиындауы мүмкін

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов мәлімдеді.

Айтуына қарағанда мақта, күріш, пияз сияқты ылғалды көп қажет ететін дақылдарды қысқарту жоспарланып отыр. Түркістан мен Қызылорда облыстарындағы дақылдар егуге арналмаған жерлерде күріш егуге жол бермеу, күріш алқаптарының алаңдарын азайту жөніндегі шаралар көзделген.

"Экология министрлігі Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанмен "Тоқтоғұл" және "Бахри Точик" су қоймаларынан қосымша су ағызуды қамтамасыз ету, Шу және Талас өзендері бойындағы су ағындарының жоспарлы көлемін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жалғастыратын болады. Трансшекаралық өзендер бассейндеріндегі мемлекетаралық пайдаланудағы арналарда жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Ал суландыру желісінің магистральдық және шаруашылықаралық арналарында тазарту жұмыстары жүргізіледі", – дейді Қожаниязов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу