Биыл әскер қатарын 35 мыңдай жас сарбаз толықтырады

1067

Биыл әскер қатарын 35 мыңдай жас сарбаз толықтырады

Биыл еліміздің әскер қатары 35 мың сарбазға толығады. Бұл туралы Қарулы Күштер бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің өкілдері айтты, деп хабарлайды .

Қорғаныс істері саласы мамандарының мәліметінше, соңғы 15 жылда елде әскерден жалтарғаны үшін сотталған азаматтар болмаған. Қарулы Күштер құрылымындағы жауынгерлер мен сержанттардың 70 пайызы келісімшарт бойынша, ал қалған 30 пайызы мерзімді әскери қызмет бойынша міндетін атқарып отыр. Ал әскерде борышын өтеп жүрген әрбір сарбазды қамтамасыз етуге жылына 1 млн 600 мың теңге жұмсалады екен.

Әскерилер ел қорғаудан қашатын жастарды қандай жаза күтіп тұрғанын да айтты.

"1 жылдан 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, егер ол әскери бөлімге қашып кетіп отыратын болса, әсери комиссияны өткеннен кейін. Болмаса қасақана жалған құжаттарды дайындап, болмаса қасақана өтірік ауырған болатын болса, сондай жағдайларда жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Болмаса 1000 АЕК, 3000 АЕК айыппұл салынуы мүмкін", - дейді Астана қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Ғани Артықов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу