Биыл әскер қатарына 17 мың азамат қабылданады

1018

Қарулы күштер қатарына шақырылатындар саны артады. 

Биыл әскер қатарына 17 мың азамат қабылданады

1 қыркүйектен бастап күзгі әскерге шақыру науқаны аясында 17 мыңға жуық азамат жас сарбаз атанады. Бұл туралы орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте ҚР ҚК БШ Ұйымдастыру жұмылдыру жұмыстар департаментінің бастығы
Сәкен Жүсіпов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Мемлекет басшысының биылғы жылы ақпан айындағы  Жарлығына сәйкес Қорғаныс министрлігінде өткен жылдармен салыстырғанда Қарулы күштерге шақырылатындар санын кезең-кезеңімен ұлғайту жоспарланғанын айта кету керек. Қолданыстағы заңға сәйкес, азаматтарды мерзімді әскери қызметке әскерге шақыруды жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Жылдың соңына дейін жалғасатын күзгі әскерге шақыру кампаниясы барысында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына, әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатуға негіздері жоқ, жасы 18-ден 27 жасқа дейінгі 17 мыңға жуық жас жігіт қосылады", – деді Сәкен Жүсіпов. 

Спикердің айтуынша, жылдан жылға әскерге баратын жастардың саны азайған. 

"Ал Отан алдындағы борышын өтегенден қаншама азамат қалыпты өміріне қайта оралып, қызметтерін жалғастыруда. Жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырып, қамтамасыз ететін жастарды мерзімді әскери қызметке шақыру қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізіледі. Мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілерін запасқа шығару олар әскерге шақырылған күннен бастап 12 ай өткеннен кейін жоспарлы түрде жүзеге асырылады", – деді спикер. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу