Биыл әскер қатарына шамамен 18 мыңнан аса азамат шақырылады

902

Оның ішінде 8 мыңдайы Қарулы күштерге шақырылады.

Биыл әскер қатарына шамамен 18 мыңнан аса азамат шақырылады

ҚР Қарулы күштері Бас штабы Ұйымдастыру және жұмылдыру жұмыстары департаментінің басқарма аға офицері подполковник Тапашев Руслан әскерге шақыру науқаны барысында жергілікті әскерге шақыру органдарының негізгі проблемалары туралы айтып берді. Сондай-ақ жергілікті әскери басқару органдарының шақыру науқанын дайындау жұмысы осыған дейінгі кезеңмен салыстырғанда қаншалықты жақсарғаны туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

– Біздегі негізгі проблеманы атап өтсек, ол іздестіруде жүрген әскерге шақырылушыларды іздестірудің төмен тиімділігі. Одан кейін әскерге шақыру коммиссияларындағы медициналық коммиссиялар, соның ішіндегі тар саладағы медициналық білікті мамандардың жетіспеушілігі деп атап өтуге болады. Қазіргі таңда қандай себептерге байланысты екендігі белгісіз, бірақ әскерге шақырушылардың көбінің денсаулық жағдайына байланысты кішкене проблемалар туындайды. Айтатындай өзгеріс болған жоқ, бірақ бұл бағытты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Әсіресе мына іздестуру жұмыстары бойынша ішкі істер органдарымен бірге өзара іс-қимыл ұйымдастырылған. Әрине, біз оны жақсартуға күш салып жатырмыз, – деді Тапашев Руслан Қорғаныс министрлігінің онлайн брифингінде.

– Әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босатудың себептері қандай және өмірде қандай жағдайлар оған себеп болады?

– Атап өтсек, мына қолданыстағы заңнамаға сәйкес мерзімді әскери қызметті кейінге қалдыру білімді жалғастыру үшін, денсаулық және отбасы жағдайы сондай-ақ басқа да себептер бойынша. Әскери қызметтен босатылған азаматтардың санаты бар және 27 жасқа толған азаматтарымыз бар, заңды негіздемелер бойынша әскерге шақырылмағандар да босатылады. Басқа мемлекетте әскери баламалы қызмет өткергендер, ғылыми дәрежесі бар азаматтарымыз да босатылады. Республикамыздың арнаулы мемлекеттік органдарында қызмет өткергендер және тіркелген діни бірлестіктердің дін қызметкерлері де босатылады.

– Әскери қызмет және әскери қызетшілердің мәртебесі" туралы Заңға қандай өзегерістер енгізілді. Мерзімді әскери қызметке шақырылғандар үшін қандай жеңілдіктер көрсетілген? 

– Әскери қызметтің беделін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының бірақатар заңнамаларына бастамалар танытылып отыр. Соның ішінде мерзімді әскери қызмет өткергендер үшін, өткеріп жүргендер және әскери қызметті аяқтағандар үшін әскери оқу орындарына түсу кезінде бірқатар жеңілдіктер ұсыну. Яғни бірінші байқау болған жағдайда оларға басымдық көзделеді. Одан кейін грант бойынша жаңағы басқа да жоғарғы оқу орындарында оқыған азаматтарымыз да бар емеспе мысалы, оларға да жоғарғы оқу бітіргеннен кейін жұмыспен өтеу міндеттемелері көзделген. Яғни сол міндеттемелерден босату сияқты жеңілдіктер бар. Тағы бірі ол азаматымыз мерзімді әскери қызмет өткеру кезінде оның бір отбасы мүшелеріне әлеуметтік қолдау ретінде коммуналдық қызмет төлемдері бойынша көмек көрсетіледі. Осы сияқты бірқатар жеңілдіктер бар. Бірақ қазір ол жұмыс барысында. 

– Осы жазда өткен алдын ала іріктеу барысында әскерге шақыру контингентінің сапалық және сандық құрамын қалай бағалайсыз?  

– Биылғы күзге әскерге шақырылатындарды азаматтарды алдын ала зерделеу барысында шамамен 760 мыңнан аса азаматымыз тіркелген, яғни әскери есепте тұр. Бұл мына көктемгі әскерге шақырумен салыстырғанда, шамамен 30 000 аса адамға ұлғайған. Және осы күзгі әскерге шақырылатын азаматтар саны шамамен 180 000 аса адамды құрайды. Оның ішінде зерделеуге жататындар 83 000 аса азамат. Алдындағы көктемгі әскерге шақыруды жүргізген кезде алдын ала зерделеумен салыстырғанда ұлғайған. Қазіргі таңда шамамен осы азаматтардың 50 пайызы алдын ала зерделеуден өтті және де осы әскерге шақыру науқаны басталғаннан кейін де зерделеу жұмыстары тоқтамайды, жүргізіле береді. 

– Медициналық коммиссия өткізу кезінде азаматтардан қандай сырқаттар көп байқалады ;әне де болашақ әскерге шақырылуышылардың денсаулықтарын жақсарту бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?

– Статистика бойынша айтып кетейін, осының алдындығы көктемгі әскерге шақыру кезінде 74 мыңнан аса азаматымыз медициналық куәландырудан өтті. Оның ішінде 80 пайызы әскерге жарамды болып танылды, 6 пайызы емделу үшін әскери қызметті өткеруді кейінге қалдырды, 14 пайызы әскери қызметке жарамсыз болып танылып отыр. Оның ішінде әскери қызметті кейінге қалдыруға негіз болатын сырқаттарды айтып кетсек, ол ішкі ағза, неврологиялық және хирургиялық сырқаттар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу