Әскерге шақырылған жас сарбаз Қазақстанның өзге өңірінде борышын өтеуі керек. Бұл оның әртүрлі климаттық жағдайға бейімделіп, шымыр болып жетілуіне пайдалы. Қазақстанның Қарулы күштері Бас штабының ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы Сәкен Жүсіпов осындай пікір білдірді. Әуелі ол биыл төтенше жағдайдан кейін әскерге алынатын жастардың қашан үйлеріне қайтатынын түсіндірді.
"Заңнамада мерзімді әскери қызмет мерзімі ешқандай өзгерту мүмкіндігінсіз 12 ай деп белгіленген. Осылайша мерзімді әскери қызметке шақырылған жас буын биыл жазда әскерге шақырылса, 12 ай өткенде барып запасқа жіберіледі. Осымен байланысты ұйымдастыру мәселелері қазірдің өзінде шешіліп жатыр", – деген департамент басшысы жас сарбаздарды әскери бөлімдерге тарату тәртібін түсіндірді.
"Әскерге шақыруды ұйымдастыру жоспары шақырылған азаматтардың борышын республиканың өзге облыстарында өтеуін көздейді. Мысалы, солтүстік өңірлерден әскерге шақырылған азаматтар Шығыс пен Батыстың бірінде борышын өтейтін болады. Жабдықтаудың мұндай принципі жас буынның өзге өңірлердің климаттық жағдайына бейімделуіне, физикалық тұрғыда шымыр болуына септігін тигізеді. Оның үстіне кейбір әскери бөлімдердің ерекшелігі жабдықтаудың эксаумақтық принциптерін көздейді. Мәселен, Ұлттық ұлан бөлімдері қоғамдық тәртіп пен қылмыстық атқару жүйесінің нысандарын күзетуге тартылады", – деді ол.
Есжан Ботақара